COVID-19: Жалған ақпараттар дәрігерлердің жұмысын қиындатып жатыр

COVID-19: Жалған ақпараттар дәрігерлердің жұмысын қиындатып жатыр

Ел арасында тарап жатқан жалған ақпарат дәрігерлердің жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Бауыржан Ысқақтың айтуынша, дәрігерлер науқастарды емдеумен қатар жалған ақпараттың анық-қанығын түсіндіріп жату да қиын.

«Жалған ақпарат дәрігерлердің жұмысына айтарлықтай кедергі келтіреді. Өйткені ел арасында денсаулық сақтау саласына қатысты қандай да бір әңгіме шыққан жағдайда, біз оны тексеріп, оның қайдан шыққанын анықтап білуіміз керек. Өз кезегінде ол біздің осыған дейін атқарған жұмысымызды қайта қарап, тексеруге мәжбүрлейді. Яғни біз мамандардың басым бөлігін осы жұмысқа тартамыз да, дәрігерлер атқаруы тиіс негізгі жұмыстар кейінге қалады. Біз басқаша әрекет ете алмаймыз, өйткені біз тараған ақпараттың рас немесе жалған екенін білмейміз. Ал оны анықтауға өте көп көп уақыт кетеді. Сондықтан мен ел азаматтарын тек тексерілген ресми ақпараттарға ғана сенуге шақырамын», – деді Бауыржан Ысқақ.
Айта кетейік, біз бұған дейін жалған хабарлама таратқан азаматтардың жазаланғанын жазған болатынбыз.