28 жастағы Шурал биыл қыста прагалық «Спарта» клубынан ауысып келген болатын Түркиялық «Аланияспор» футбол клубының автобусы жол апатына ұшырап, команданың жартылай қорғаушысы Йосеф Шурал көз жұмған. «Кайсеридегі мачтан келе жатып автобус апатқа ұшырады. Апаттан біздің жеті футболшымыз жараланған. Ауыр жарақат алған Йосеф Шурал дереу ауруханаға жеткізілген. Алайда оны құтқару мүмкін болмады» делінген хабарламада. Ойыншылар Кайсериде «Кайсериспор» командасымен 1:1 есебімен тең ойнап қайтып келе жатқан. Апат Аланияға бес шақырым жерде болыпты. Алдын ала деректер бойынша автобус бірнеше рет аударылған. Клуб басшылығының ақпараты бойынша көлік жүргізушілері ұйықтап кеткен болуы мүмкін. https://youtu.be/bYW-vOK9idE 28 жастағы Шурал биыл қыста прагалық «Спарта» клубынан ауысып келген болатын. Түркиялық клуб сапында 11 рет алаңға шығып, 1 гол соққан. Ал Чехия құрамасы сапында 20 кездесуге шығып, бір мәрте мергендігімен көзге түскен. «Аланияспор» клубы қазір Түркия чемпионатында 42 ұпай жинап, бесінші орында келе жатыр.