Елімізде алғаш рет Сарыағаш қаласында ақылды жаяу жүргінші жолы (умный пешеход) жүйесі қосылды. Жүйенің ерекшелігі – түн баласы жолдан өтетін жаяу жүргінші жолға түскен сәтте жол жамылғысы жарықтанады.
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Түркістан облысындағы Сарыағаш қаласын ақылды қалаға айналдыру мақсатында Smart city – Saryagash жобасы әзірленген болатын. Осы жоба аясында бүгінгі таңда республикада алғаш рет Сарыағаш қаласында ақылды жаяу жүргінші жолы жүйесі қосылды.
Жобаның ерекшелігі – жүргіншілерді жол бойынан түнгі мезгілде қауіпсіз өткізу. Цифрлы жүйе жол жиегіне келген жаяу жүргіншіні қауіпсіз жол бойынан өткізу үшін, арнайы сезгіш датчиктері іске қосылып, жол жамылғысы жарықтанады.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Сарыағаш қаласында пайдалануға берілген бұл ақылды жаяу жүргінші жолы тұрғындардың жол қауіпсіздігін сақтауына үлкен септігін тигізуде. Елдің қауіпсіздігіне арналған жүйе алдағы уақытта халық көп жүретін маңызды жаяу жүргіншілер жолдарына орналастырылатын болады.
Түркістан облысы