Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің мәлімдеуінше, тексеру нәтижесінде сауда орындарынан алынған құрмалардың 4 пайызынан адам денсаулығына аса қауіпті микробтар анықталған екен.
Ораза айында ауызашарға негізінен құрма беріледі. Сондықтан да қазір құрманың бағасы қымбаттай түсті. Мәселен, бұған дейін 300-400 теңгеге саудаланса, бүгінде шетелден келген құрманың бағасы кемі 5000 теңгеден басталады. Үнемдеу үшін халықтың көбі арзандау құрманы алуда. Алайда сол құрманың қайсысы жақсы-жаманын білмейміз. Таңдай да алмаймыз. Жалпы, құрма алғанда неге назар аудару керек?
Бүгінде экспорт тауардан ішек инфекциялары табылуда. Соңғы 4 айдың ішінде бұл қатарға құрма да қосылды. Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің мәлімдеуінше, тексеру нәтижесінде сауда орындарынан алынған құрмалардың 4 пайызынан адам денсаулығына аса қауіпті микробтар анықталған екен. Талаптарға сәйкес келмейтін 4,5 мың тонна қауіпті тағам өнімдері, оның ішінде 9 келі құрма тәркіленген.
Алдымен құрманың сыртқы қорабын мұқият қарау керек. Егер де оның шыққан күні, қолдану мерзімі жазылмаса мұндай өнімнен бас тартқан дұрыс. Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті жүргізген мониторинг нәтижесінде, кінәлі тұлғаларға 27 миллион астам айыппұл салынған.