«Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында көпбалалы отбасынан шыққан үздік оқушылар мен студенттерге жәкіртақы берілуде.
Алматыда білім қуған жастар арнайы қолдауға ие болуда. Бүгінде Алматы қаласында 14 мыңнан астам көпбалалы отбасы бар. Олардың 5 мыңға жуығы аз қамтылған отбасы.Көпбалалы отбасыларды қорғау мақсатында Алматыда «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша түрлі көмек көрсетілуде. Соның аясында көпбалалы отбасынан шыққан студенттерге 10 мың теңге, ал оқушыларға 5 мың теңге жәрдемақы тағайындалды. Тіпті озат тәлімгерлерге де шәкіртақы қарастырылған.