«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалы жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетілген қызметтер үшін медицина ұйымдарына 33,7 мрд теңге төледі.
«Мәліметтер бойынша қормен келісімшарт жасаған қаладағы медициналық қызмет көрсетуші ұйымдарға 33,7 млрд теңге төленді. Бұл жалпы кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарт сомасының 37,1 пайызын құрайды», - дейді ӘМСҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.
2019 жылы МСҚ кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге ұсыныс берген медицина ұйымдарымен жасалған 90,8 млрд теңгені құрайды. Айта кетейік, биыл мемлекеттік тапсырыс аясында елордалықтарға 95 медициналық ұйым қызмет көрсетеді. Олардың ішінде 60 жекеменшік клиника да бар.
Мемлекеттік тапсырысты орындап жатқан жекеменшік медицина ұйымдарының саны жағынан Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қызылорда, Жамбыл және Қарағанды облыстары көш бастап тұр.