22 жасында әскерге шақырылған Мұхтар Күйшібаев соғыста көрсеткен батырлығы мен батылдығы үшін көптеген орден-медальдармен марапатталды. Атап айтсақ, ІІ дәрежелі Ұлы Отан соғысы және ІІІ дәрежелі Даңқ ордендері, «Ерлігі үшін» медалін иеленді. Ол майдан алаңында аға сержант әрі 218 атқыштар полкінің қару-жарақ тобының командирі болды. Жаудың бекінген қорғанысына шабуыл жасағанда қаһармандық танытты. [caption id="attachment_38097" align="alignright" > © Сурет интернеттен алынды[/caption]
Сол кезде Мұхтар Күйшібаев өзінің пулеметімен ар жақ қатпалынан шығып, жаудың зеңбірегін жойып жіберді. Бұл қадам біздің жаяу әскеріміздің алға жылжуын қамтамасыз етті. Сонымен қатар жаудың қорғанысынан өтіп, Нова ауылын басып алуына ықпал етті.Әсіресе, Нованың маңайында орналасқан Висла өзенінің сол жақ жағалауындағы плацдармды басып алуда. Ұрыс кезінде жау танкіге қарсы тұратын зеңбірекпен ашық айқасқа шықты. Сөйтіп 5-ші атқыштар ротасының оң жақ қапталын толассыз оқ жаудырған. Соның кесірінен біздің жаяу әскеріміздің алға жылжуына бөгет етті.