АҚШ-тың оңтүстігіндегі Оклахома, Техас және Луизиана штаттарында соққан дауыл мен құйыннан 6 адам қаза тауып, 20-ға жуық тұрғын жарақат алды. Сәрсенбі күні басталған дүлей жел әлі басылмай тұр. Ұйытқыған жел талдар мен электр бағаналарын құлатып, көптеген үйді тас талқан еткен. Мыңдаған үй жарықсыз қалды. Дауылмен бірге жауған жаңбырдан су тасқыны қаупі күшейген. «Хабар 24» жазуынша, табиғат апатына байланысты аталған аймақтарда шұғыл әрекет ету топтары құрылып, жапа шеккен тұрғындарға көмек көрсетіліп жатыр. Соңғы ақпарға қарағанда, дүлей жел елдің оңтүстік-шығысына қарай ойысқан. Осы категория бойынша: « COVID-19 кеңінен тарала қоймаған Таяу Шығыс елдерін мамандар алдын ала дайындалуға шақырды. Еуропаның ең ірі әуе тасымалдаушысы банкротқа ұшырауы мүмкін»