«АрселорМитал Теміртау» компаниясы Теміртаудағы құрылысын жүргізіп жатқан емхана, балабақша және спорт кешенінің жобаларына 1,8 млрд теңге бөледі.
Бұл туралы компанияның бас директоры Парамжит Калон Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев және Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановпен өткен кездесуде мәлімдеді.
Бердібек Мәшбекұлы компания басшылығын әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларды қолдауға шақырды.
«Кәсіпорында 30 мыңға жуық адам еңбек етеді. Жалақы және жұмыс орындарын босату бойынша берешектер жоқ. Алайда, кәсіпорындағы жалақының орташа деңгейі республикалық және өңірдің басқа да металлургиялық компанияларынан әлдеқайда төмен. Комбинаттың 170 қызметкері көпбалалы, оның 91-інің баспанасы жоқ. Елбасы мен ҚР Президентінің басым тапсырмаларының бірі – қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру. Осыған байланысты аталған мәселелерді жедел шешуге назар аударуыңызды сұраймыз», – деген Б.Сапарбаев өндірістік жарақатты азайту, экологиялық нормаларды сақтау және ұжымдық шарт талаптарын орындау қажетін де атап өтті.
Комбинаттың бас директоры айтылған ұсыныстарды қысқа мерзімде қарастыратынын айтты.
«2018-2020 жылдары компания 305 млрд теңгеден астам қаражат инвестициялайды, бұл өңірдегі қауіпсіздік техникасы мен экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. Елбасының тапсырмасы бойынша әлеуметтік жауапкершілік аясында компания Теміртау қаласында емхана, балабақша және спорт кешенінің құрылысын жүргізіп жатыр. Биыл осы жобаларды іске асыруға 1,8 млрд теңге бөлінеді», – деді Парамжит Кало