Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам өзінің келесі жекпе-жегін 5 шілде күні Алматыда өткізетін болды. Бұл туралы боксшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.
«5 шілде күні Алматыда нағыз кәсіпқой бокс мерекесі болады. Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында кәсіпқой бокс кеші өтіп, онда қазақстандықтар әлемнің үздіктерімен жұдырықтасады. Кештің басты жекпе-жегі Қанат Исламның кездесуі болмақ. Жақын арада баспасөз жиыны ұйымдастырылып, бокс кешінің анық-қанығы айтылады» деген хабарламада.
Қанаттан бөлек, бұл бокс кешінде Арман Рысбек, Абылайхан Құсайынов, Руслан Мырсатаев сияқты қазақстандық боксшылар өнер көрсетпек.
Қанат Ислам 2017 жылдың қыркүйегінен кейін шаршы алаңға шыққан жоқ. Ол соңғы рет канадалық Брэндон Кукты Астанада нокаутпен жеңген еді. Бұл жеңіс Қанаттың екінші деңгейлі WBA Inter-Continental және WBO-NABO титулдарын иеленуіне мүмкіндік берді. Бірақ кейін аталған тұжырымдардың ережесіне сәйкес, бұл белдіктерден де айырылып қалды.