АҚШ барлау қызметі коронавирустың қалай пайда болғанын мәлім етті

АҚШ барлау қызметі коронавирустың қалай пайда болғанын мәлім етті

АҚШ Ұлттық барлау қызметі коронавирус инфекциясы қалай пайда болғаны жөніндегі өз қорытындысын жариялады. Бұл туралы АҚШ Барлау қызметі директорының кеңсесі хабарлады. Құжатта АҚШ-тың барлық барлау қоғамдастықтары COVID-19 вирусы адам қолымен жасалмағаны туралы кең тараған ғылыми консенсуспен келісетіні жөнінде айтылған. «Коронавирус адам қолымен жасалмаған және генетикалық тұрғыда жетілдірілген вирус емес» делінген мәлімдемеде. Сондай-ақ, АҚШ Ұлттық барлау қызметі індеттің нақты қайдан тарағанын анықтау үшін ақпараттарды және барлау мәліметтерін бақылап отырмақ. Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Ухань қаласында пневмония өршігені туралы хабарлады. Ауру – коронавирустың жаңа түрі, оған COVID-19 деген ресми атау берілген. Кейінірек, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл індетті пандемия деп жариялады. Әлемде бұл инфекция 3,2 млн-нан астам адамда анықталды. Ал 1 млн-нан астам адам бұл аурудан айығып кетті. 229 399 кісі көз жұмды.