Қазақстан кәсіподақтары атынан президентікке кандидат Аманкелді Таспиховтің сенімді өкілі – Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Атырау облыстық филиалының төрағасы Шыңғыс Абилов Атырау облысы жұмыспен камтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және Атырау облысы қаржы басқармасы ұжымымен кездесті.
Сенімді өкіл А.Таспиховтің өмірбаянымен және сайлауалды тұғырнаманың негізгі бағыттарымен таныстырды.
Бұл күні А.Таспиховті қолдау мақсатында құрылған Шардара аудандық штабының мүшелері Көксу ауылында орналасқан «Қарлығаш» балабақшасы қызметкерлерімен кездесті. 50 адам қатысқан шарада үміткердің сенімді өкілі Бақытгүл Биманова алда келе жатқан президент сайлауының маңызын түсіндіріп, көпшілікті саяси додаға атсалысуға шақырды. Үміткердің сайлауалды тұғырмасын түсіндіріп, оның еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, еңбек дауларының алдын алу, жазатайым оқиғаларды болдырмау, жұмысшылардың жалақысын көтеру, ұжымдық шарт жасасу сынды қоғамда маңызға ие мәселелерге қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. Кездесуге келгендер штаб мүшелеріне сұрақ қойып, тұшымды жауап алды.
А.Таспиховтің тағы бір сенімді өкілі Серік Мырзаханов Сырдария ауданының Қызылдихан шаруа қожалығында кездесу өткізді. Ол жұмыскерлерді кәсіподақтардан ұсынылған кандидаттың өмірбаянымен таныстырып, кандидаттың сайлауалды тұғырнамасын түсіндірді. Ел президентін сайлауда әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін айтып, сайлауға белсенді қатысуға шақырды.
Айдана БЕГІМ