Кәсіпкерлерді сервистік қолдау негізінен кеңес беру, жеке кәсіпті жүргізу және кәсіпкерлік қызметті тиімді басқару сынды мамандандырылған сегіз қызмет көрсету тетігін қарастырады. Мамандандырылған қызмет көрсету тізбесі бухгалтерлік және салық есебін жүргізу, сонымен қатар кеден қызметі бойынша қызметтер, кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындардың өтініштерін қараудан тұрады. Сондай-ақ заңгерлік қызмет көрсету, маркетинг мәселелері бойынша сұрақтарға жауап алып, ақпараттық технологиялық қызмет көрсету бойынша да кеңес алуға болады. Бұған қоса, мемлекеттік сатып алуға қатысты қызметтер, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың мемлекеттік сатып алу қызметі, мемлекеттік-жеке меншік әріптестік саласында кеңес беру қарастырылған.
Премьер-министр Асқар Маминнің қатысуымен Үкімет отырысында «Жол картасы – 2020» бағдарламасының және Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы бойынша қолға алынған «Әлеуметтік көмек» бағдарламаларының жұмыс барысы кеңінен талқыланған еді.
«Атамекен» ҰКП 2015 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасының төртінші бағыты бойынша операторлық етуде. Осы Үкімет отырысында сөз алған «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов атқарылып жатқан істерге тоқтала отырып: