Израильде базар мен сауда орталықтары ашылды

Израильде базар мен сауда орталықтары ашылды

Израильде сауда орталықтары мен көше базарларының жұмысы қайта жанданды, деп хабарлайды «Хабар 24». Індет кесірінен апталап оқшауда болуға мәжбүр қалған ел азаматтары да енді тысқа шығып, емін-еркін жүріп тұра алады. Бұрынғыдай туған-туыстардың үйін аралап, елдің кез келген өңіріне сапарға аттануға да рұқсат. Ал 3 мамырдан бері ішінара қайта ашылған Израиль мектептері ай соңына дейін қалыпты режимге оралады. Айта кетейік, Израиль вирустың таралуын тоқтату үшін өз шекарасын жауып, қатаң тәртіп енгізген алғашқы елдің бірі. Бірақ сақтық шараларына қарамастан 16 мыңдай адам вирус жұқтырып, 238-і қайтыс болды.