Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Түркістан облысы Созақ ауданы Қарабұлақ елді мекенінің тұрғыны, 91 жастағы ел анасы Қызтай Асанбекова Ресей Федерациясы президентінің мерекелік медалімен марапатталды.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 16 жастағы қаршадай қыз әкесімен бірге тылда масақ теріп, майдангерлерді астықпен қамтамасыз етуге атсалысқан. Бүгінде 91 жастағы кейуана 40-тан аса немере, 10 шөбере сүйіп отыр.