Қазақстандықтар мұсылман үмбетінің ұлық мерекесі – Ораза айтты тойлауды бастады.
Сәрсенбінің таңында еліміздің барлық елді-мекендеріндегі мешіттерде айт намазы оқылды. Алла разылығы үшін 30 күн оразасын ұстап, ауыз бекіткен жамағат енді үш күн мерекелейтін болады.
«Айт» сөзі – «мерекелеу», «хал сұрасу», «бір-бірін қуанту», «қуанышқа топталу», «қарымта» деген мағыналарды білдіреді.Фото: Айтжан Мұрзанов