Аймақты аралап, елордаға оралды

Аймақты аралап, елордаға оралды

Республикалық штаб жетекшісі Қ.Тоқаевтың ары қарай да мемлекеттік аппараттың тиім­ділігін арттыру, бір-бірін қайталайтын қызмет түрлерін қысқарту, сыбайлас жемқор­лықпен күресу және мемлекет бюджетінің тиімсіз шығындарын қыс­қар­ту бағы­тындағы жұмыстарды жалғас­тыратынын айтты.

– Мемлекет тарапынан ұйымдас­ты­рылатын халыққа пайдасы аз имидждік мақсаттағы шараларды қысқартып, қаржыны экономикамыздың дамуы мен азаматтардың әлеуметтік мә­селелерін шешуге бағыттау керектігі де құжатта анық көрсетілген. Сол себепті бұл сала Қасым-Жомарт Тоқаевтың басты назарында, – деді Республикалық штаб басшысы ас­таналық кәсіп­орындардың бірінде өткен жиын барысында.

Сонымен қатар Team Qazaqstan бастамасымен Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің қабырғасында студенттер мен жастар қанатының белсенділері – болгерлермен, вайнерлермен, эстрада жұлдыздарымен кездесті.

Сондай-ақ штаб мүшелері елордада­­ғы құрылыс алаңдарының біріне келіп, «Есіктен есікке» акциясы аясында сайлаушылармен кездесті. Nur Otan партиясының Орталық аппаратындағы #NurOtanTrends алаңында танымал сарапшылар мен талдаушылар азамат­тардың Қасым-Жомарт Тоқаевқа жол­даған ұсыныс-тілектерін жи­науды мақсат еткен #Birge жалпыұлттық акциясының алдын ала нәтижелерін талдады.


Айдана БЕГІМ