Киелі мекендегі кездесу

Киелі мекендегі кездесу

«Ұлы Дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан сайлауға түскен үміткер ретінде біздің қозғалыстың республика бойынша ұлттық құндылықты насихаттап келе жатқан жалғыз ұйым екенін жет­кізгім келеді. Маңғыстау өңірінің ел экономикасы, демографиясы мен туризміне қосып отырған үлесі зор. Менің сайлауалды бағдарламамда да халқымыздың әл-ауқатын көтеруге, демографиясына зор көңіл бөлуге, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге байланысты кезек күттірмей шешетін міндеттер атап көрсетілген», – деді кандидат.

Кандидаттың Маңғыстаудағы сай­лауалды штабының жетекшісі Орынбасар Құлыбеков еліміздің ұлттық ат спортын дамытудағы ұлттық құндылықтардың зерттеушісі әрі жанашыры С.Түгелдің азаматтық, қайраткерлік қырына тоқ­талды. Үміткер Ақтаудан кейін Жаңа­өзендегі «Жастар шығармашылық орта­лығында» кездесу өткізіп, бағдарлама­сының бағыттарын баяндады. Бұдан Пір Бекеттің мәңгілікке дамыл тапқан Оғланды шатқалына барып, зиярат етіп, арнайы дұға бағыштады.

Одан бір күн бұрын Атырауда сайлау­шылармен кездескен болатын.

«Ешқандай партияда жоқпын, ана тілімнің мәртебесін көтеру мақсатында барлық жерде мемлекеттік тілде сөйлеймін. Біздің қозғалыстың негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды ұлықтау, Ұлы дала мәдениетін жаңғырту, халықты бірлікке, ынтымаққа шақыру. Жеріміздің асты мен үстінен түскен қазба байлық – халқымыздың меншігі. Сол байлықтан түскен пайда әрбір азаматқа тиесілі болуы қажет», – деді кандидат.

С.Түгелдің штабы «Ұлттық құнды­лықты ұлықтаймыз!» атты қолөнершілер көрмесін ұйымдастырды. Жиналғандар алдында Тұрлан Бисембаев, суретшілер Лаура Тілекбай, Мұрат Ерғалиевтар домбыра жасау туралы шеберлік-сынып өткізді.


Айдана БЕГІМ