Рухани құндылықтың қайнар көзі

Рухани құндылықтың қайнар көзі

Ал Төлеутай Рақымбековтің жастарды ауылға тартатын ынталандыру тетіктері туралы ұсынысы Қостанайда талқыланды.

«Ауыл шаруашылығы мамандарын дайындайтын еліміздегі ең ірі 3 универ­си­теттің өзі жыл сайын 8 мыңға жуық студенттің қолына диплом береді. Оның сыртында са­лалық институттар мен колледждер қаншама. Егер осы мамандарың бәрі ауылдарда еңбек етсе, біз әлдеқашан аграрлық державаға айналар едік», – дейді Төлеутай Рақымбеков. Бірақ өкінішке қарай олар қалада қалып, басқа салаларда еңбек етуге мәжбүр.

Бұған қоса, ауыл деген – рухани құн­дылықтың қайнар көзі. Төлеутай Рақымбеков үнемі ұлттық дәстүрді дәріптеп, отбасылық негізді нық қалыптастыруға шақырады. Үміткер бағдарламасындағы осы және өзге де тетіктер Қостанайдағы жиында қызу талқыланды.


Айдана БЕГІМ