Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 500 теңгеге жетті. Бұл туралы Finprom.kz сарапшылары хабарлады.
Олардың мәліметінше, 2019 жылдың мамырдағы жағдайдан соң Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі бір жылда 7 пайызға өсіп, 28 300 теңгеге жеткен. Оның 15 600 теңге – азық-түлік тауарына жұмсалса, 12 700 теңге ақылы қызмет түрлеріне жұмсалған.
«Былтыр мамыр айында ең төменгі күнкөріс деңгейі 26 500 теңге болды» дейді мамандар.
Олардың айтуынша, Маңғыстау облысында ең төменгі күнкөріс деңгейі – 34 500 теңге, Нұр-Сұлтан мен Алматыда – 33 100 теңге болса, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында 28 300 теңге мөлшерінде тіркелді. Ал Павлодарда 25 100 теңге, Батыс Қазақстан облысында ең төмен күнкөріс деңгейі 25 600 теңге болса, Ақтөбе облысында 25 800 теңге екен.