Бүгін 10 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласындағы балабақшаларға жолдама берілетіні туралы хабар таратылған болатын. Алайда баласына балабақшаға жолдама алуға мүдделі ата-аналар таңертеңнен бері e.astana жүйесіне кіре алмай жатыр. Осы мәселеге қатысты білім басқармасы мәлімдеме жасады.
«Құрметті қолданушылар, Нұр-Сұлтан қаласында мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне жолдама беру жүйесінің жұмысы уақытша тоқтатылды. Түнгі уақыттан бері жүйеге шабуыл жасалуда. Бір уақытта 500 мыңнан астам адам жүйеге кіруге талпыныс жасап жатыр. Қазір техникалық мамандар жұмыс істеп жатыр. Келтірілген ыңғайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», – делінген хабарламада.Қалалық білім басқармасы жүйе қайтадан іске қосылғанда алдын ала хабарлама жасайтынын ескертіпті. Соған дейін жүйеге кірмей тұруды өтінген.