Бүгін бірнеше өңірде ауа райы құбылмалы болады

Бүгін бірнеше өңірде ауа райы құбылмалы болады

17 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Республика бойынша кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, желдің күшеюі күтіледі, солтүстік-батыста түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал, – деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Жексенбіде Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Түркістан облысында дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал. Шығыс Қазақстан, Ақтобе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел тұрады, екпіні 20 м/с, Павлодар облысында түнде желдің күші 23 м/с дейін жетеді. Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Қызылорда облысында таңертең және күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/ болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.