Франциялық әйел дүниеге алты бала әкелді. Бұл 30 жылда алғаш рет болып отырған оқиға. Бес қыз және бір бала Страсбург ауруханасында дүниеге келді, - деп хабарлайды РИА Новости. Салмағы 630-дан 730 грамға дейінгі балалар кесар тілігі арқылы жүктіліктің 25-ші аптасында дүниеге келді. Әйелдің олармен қоса тағы екі баласы бар.
Алты баланың тууы - әлемде сирек кездеседі, орташа алғанда 4,7 миллиард әйелдің біреуі ғана босанады. Мұндай оқиға Париж ауруханасында соңғы рет 1989 жылы болған.