Осылайша, Қазақстан құрамасы I тобында 6 ұпай жинады
Футболдан Қазақстан құрамасы «Астана-Аренада» Сан-Марино құрамасын 4:0 есебімен ойсырата ұтты. Матч Еуропа чемпионатына іріктеу ойындары аясында өткен болатын.
Кездесу басталғаннан-ақ тізгін қазақстандық ойыншыларда болды. Соған қарамастан біздің құрама бірінші таймның соңғы минутында есеп ашты. 45 минутта Исламбек Қуат айып алаңының ішінен Сан-Марино қақпашысы Бенедеттиниді қапы қалдырды.
Екінші таймның 61 минутында шабуылшы Абат Айымбетовтың орнына шыққан Максим Федин Шомкодан алған пасын тиімді пайдаланды. Қарсыластың екі қорғаушысынан айналып өткен «Тобыл» шабуылшысы есепті 2:0-ге жеткізді.
Ал 65 минутта Бауыржан Исламхан көтерген бұрыштама добына бірінші жеткен Ғафуржан Сүйімбаев алыстан соққы бағыттап, үшінші голды соқты.
Матчтың 79 минутында капитан Бауыржанның өзі көзге түсті. Оның айып алаңының сыртынан қақырата тепкен добына Сан-Марино қақпашысы тосқауыл бола алған жоқ.
Осылайша, Қазақстан құрамасы I тобында 6 ұпай жинады. Бұған дейін біздің команда Шотландияны 3:0 есебімен жеңіп, Ресейден 0:4 және Бельгиядан 3:0 есебімен жеңілген болатын.
Бүгін түнде Астана уақытымен 00:45-те Бельгия мен Шотландия және Ресей мен Кипр құрамалары ойнайды.