Forbes басылымы ең көп жалақы алатын спортшылардың тізімін жариялады. Сол тізімде Геннадий Головкин бар. Бұл жайында Prosports.kz хабарлады.
Соңғы бір жылда боксшы 25,5 миллион еуро пайда тапқан. Сөйтіп әлемнің ең бай спортшылар тізіміне 95-сатысына жайғасқан.
Ал боксшылардың ішінде үздік нәтижені мексикалық Сауль Альварес көрсетті. Канело бір жылда 94 миллион табыс түсіріп, 4-орынға тұрақтаған. Көш басын аргентиналық футболшы Лионель Месси бастаған. Екінші орынға Криштиану Роналду жайғасса, үздік үштікті Неймар түйіндеді.
Осылайша, әлемнің ең бай спортшыларының тізімінің үздік үштігін футболшылар алды.
Ең көп жалақы алатын спортшылар:
Лионель Месси (Аргентина, футбол) — $ 127 млн
Криштиану Роналду (Португалия, футбол) — $ 109 млн
Неймар (Бразилия, футбол) — $ 105 млн
Сауль Альварес (Мексика, бокс) — $ 94 млн
Роджер Федерер (Швейцария, теннис) — $ 93,4 млн
Рассел Уилсон (АҚШ, америкалық футбол) — $ 89,5 млн
Аарон Роджерс (АҚШ, америкалық футбол) — $ 89,3 млн
Леброн Джеймс (АҚШ, баскетбол) — $ 89 млн
Стефен Карри (АҚШ, баскетбол) — $ 79,8 млн
Кевин Дюрант (АҚШ, баскетбол) — $ 65,4 млн