Полиция жарақаттанып, халық қамауға алынды

Полиция жарақаттанып, халық қамауға алынды

Елорданың тұрғындары заңсыз акцияларға қатысып, полиция қызметкерлерінің талаптарын орындамағаны үшін мыңға жуық адам жауапқа тартылды. Дәлірек айтсақ, 957 адамды сот әкімшілігі жауапқа тартты. Оның ішінде 670-сі қамауға алынып, 115-іне айыппұл салынып, 172 адамға ескерту жасалды. Тіпті қазір 180 адам арнайы қабылдау мекемелерінде қамауда екен.

– Қазақстан Конституциясы бойынша кез келген наразылық акциялары арнайы заңнамадан өтіп, орындалуы керек. Алайда аталған шарттар орындалмады. Соның кесірінен митингке қатысушылар заң алдында жауап берді. Әлеуметтік желілерде де арандатушылық әрекеттер орын алған, – деді Қазақстан IIM Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Байболов.

Бас прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау қызметнің басшысы Сапарбек Нұрпейісовтің айтуынша, қала тұрғындары құқық қорғау органдарының бірнеше рет ескертуіне қарамай, арандатушыларға еріп, наразылық акцияларына қатысып, полиция өкілдеріне шабуыл жасаған екен. «Соның нәтижесінде, үш полиция қызметкері дене жарақатын алды. Олар ұстамдылық танытып, арнайы құралдарды қолданбаған», – дейді ол.

Бұл жайында бүгін Нұрсұлтан қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде брифинг өтті. Оған Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің өкілдері қатысып, құқық қорғау органдарының қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарып жатқан жұмыстарымен таныстырды.

Еркежан   СОЦИАЛОВА

Аружан ҚҰЖАСАРИНА