Құрлықтық чемпионат 6-16 маусым аралығында Қытайдың Синан қаласында өтті
Қазақстандық шахматшы қыз Динара Сәдуақасова әйелдер арасында Азия чемпионатын жеңіп алды. Ол қазақ қыздары арасынан мұндай жетістікке жеткен алғашқы спортшы.
Құрлықтық чемпионат 6-16 маусым аралығында Қытайдың Синан қаласында өтті. Қазақ қызы ешқандай жеңіліске ұшырамай, мүмкін болған 9 ұпайдан 7,5 ұпай жинап, бас жүлдені еншіледі.
Ол сайыс барысында үндістандық Ниша Мохота, қытайлық Хио Ли, Сяо Рен, үнді қызы Бхакти Кулкарни, индонезиялық Ирин Сукандар, вьетнамдық Тхи Во сияқы спортшылардан басым түсті. Ал 6-9 тур аралығында Вьетнам, Қытай, Моңғолия спортшыларын артта қалдырды.
Бұл жарысқа Динара 2016 жылы да қатысып, екінші орынмен шектелген еді.
Еске салсақ, шахматшы қыз бұған дейін әртүрлі жас категориясы бойынша әлемнің төрт дүркін чемпионы атанған. Әлемдік рейтингте 24 орында тұр.