Шетелдік достар клубы

Шетелдік достар клубы

Шетелмен іскерлік байланыстарды дамытып, елімізге инвестиция тарту мақсатында Қазақстан халқы ассамблеясының шетелдік достар клубы құрылады. Бұл туралы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ж.Түймебаевтың Грузия, Литва және ТМД елдері дипломатиялық корпус өкілдерімен өткен кездесуінде айтылды.

Аталған басқосуға Беларусь, Ресей, Армения, Өзбекстан, Тә­жік­­стан, Түркіменстан, Украина, Қырғызстан, Әзірбай­жан, Грузия мемлекеттерінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшілері, сон­дай-ақ Литваның Қазақ­стан­дағы үшінші хатшысы қатысты.

«Бұл кездесу біздің елдер ара­сын­дағы берік ынтымақ пен екі­жақты қарым-қатынастарға жаңа серпін беріп, халықтық дип­ломатияны, бірлігіміз бен келі­сімді нығайта түсетініне се­нім білдіремін», – деген Жан­сейіт Қансейітұлы Қазақстан хал­қы ассамблеясының Төра­ғасы Н.Назарбаевтың 2019 жыл­ғы 17 маусымдағы ҚХА ХХVII сес­­сиясында берген тапсырмала­рын орындаудың жолдарын қа­рас­тыруға дайын екенін атап өтті.

Қазақстан халқы ассамблея­сы­ның Төрағасы Н.Назарбаев ҚХА ХХVII сессиясында: «Мем­ле­­кет деңгейінде шетелдік инвес­тор­ларды тартумен бүгінде Сырт­­қы істер министрлігі айна­лы­сады және соған жүктелген. Бірнеше елшілікте қазақстандық жобалар мен тауарларды ілге­рі­ле­туге арналған алаңдар құрыл­ды. Бірақ Қазақстан халқы ас­сам­блеясының өз мүдделері мен мүмкіндіктері бар. Ассамблея кәсіп­керлері мен құрылыс­шы­лары шет мемлекеттермен екі­жақ­ты барлық іскерлік кеңес­тер­ге қосылуы тиіс. Қоғамдастық қыз­меті сапалы жаңа деңгейге көтеріліп, оның құрамын бизнес-қоғамдастықтың жетекші өкіл­де­рі­мен толтыру қажет. Осы мақсатта Іскерлік байланыстарды дамытуға, елімізге инвестиция­лар тартуға әсер ететін Ассамб­лея­ның шетелдік достар клу­бын құруға да болады» деген болатын.

Осыған орай, кездесуде Ассамблея сессиясында берілген тапсырмаларды жүзеге асыру жолдары, соның ішінде ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығы арқы­лы шетелдік инвесторлар­мен экономикалық және әріп­тес­­тік қарым-қатынастарды дамы­ту, екіжақты іскерлік кеңес­тер­ге қосылу, сондай-ақ Ас­сам­бле­я­ның шетелдік достары клу­бын құру мәселелерін талқылады.

– Елбасы Ұлттық экономика министрлігіне   «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірігіп, Кәсіпкерлер қауымдас­ты­ғының жұмысын жаңа деңгей­ге көтеру, олардың құрамын биз­нес-бірлестіктердің жетекші өкіл­дерімен толықтыруды тап­сыр­ды. Негізгі бағыт – әртүрлі этно­стардың кәсіпкерлерінің тари­хи Отанымен іскерлік қа­рым-қатынасын жолға қою. Біз сіздермен осы мәселеге келгенде түсіністік тапсақ дейміз. Бірлес­кен жұмысымызды жандандыру үшін ұсыныстарыңызды тыңдау­ға дайынбыз, – деді Жансейіт Түймебаев.

Айта кетейік, Қазақстанның жеке кәсіпкерлікке қатысты мем­лекеттік саясаты шағын кә­сіп­­керлікті дамыту арқылы орта топты қалыптастыруға бағыт­тал­ған. 2018 жылдың 1 қаңтар­да­ғы дерегі бойынша, елімізде 1 082 701 жеке кәсіпкер тіркел­ген. Со­ның 20 пайызы орыс, 2,7 па­йы­зы өзбек, 2,4 пайызы ук­раин, 1,6 пайызы татар, 1,1 пайызы әзір­бай­жан ұлтының өкілдерін құрай­ды. Кәсіпкерлер арасында армян, ингуш және әзірбайжан этностарының арасында белсен­ді­лік жоғары болып отыр.

 

Тұмар МЫРЗА