Пәкістандағы ұшақ апатынан қаза болғандардың саны 97-ге жетті

Пәкістандағы ұшақ апатынан қаза болғандардың саны 97-ге жетті

Пәкістанның Денсаулық сақтау министрлігі Карачи әуежайы маңында Airbus A-320 ұшағының апатқа ұшырауынан 97 адамның қайтыс болғанын растады. «Ұшақта болған адамдардың жалпы саны - 99, қаза болғандардың саны - 97. Екі адам аман қалды», - деп жазды министрліктің өкілі Миран Юсуф Twitter-де. Оның сөзінше  19 адамның мәйіті табылған. Ұшақ апатқа ұшыраған орында тұратын адамдарға да әсер етті. Алдын ала мәліметтер бойынша 30-ға жуық адам ауруханаларға жеткізілген. Пәкістан премьер-министрі Имран Хан апатқа байланысты тергеу басталғанын хабарлады. Азаматтық авиация әкімшілігінің ақпартынша, ұшу жазбалары табылған.