Екі облыста коронавирус жұқтырғандар тіркелген жоқ

Екі облыста коронавирус жұқтырғандар тіркелген жоқ

Кеше Қазақстанның екі облысында коронавирус жұқтырғандар мүлде тіркелген жоқ. Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратынша, өткен тәулікте Қазақстанда инфекция жұқтырған 322 адам анықталды. Ел бойынша өсім - 4,2 пайыз. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында -83 (5,7%), Алматы қаласында - 66 (3,3%), Шымкент қаласында - 34 (6,3%), Қарағанды облысында -42 (9,8%), ?Жамбыл облысында - 20 (8,7%). Алматы облысында – 16 (6,1%), Түркістан облысында - 15 (5,7%), Ақтөбе облысында - 10 (4,1%), Батыс-Қазақстан облысында– 10 (2,8%), Ақмола облысында – 3 (2,1%), Атырау облысында – 16 (1,9%), Қостанай облысында – 2 (1,8%), Шығыс-Қазақстан облысында – 1 (1,7%), Қызылорда облысында – 3 (1,1%), Павлодар облысында – 1 (0,6%). Елімізде жалпы 7919 жағдайы тіркелген. 4096 пациент емделгеннен кейін толығымен сауығып шықты. 35 адам қайтыс болды.