Ресейде бір тәулікте 9 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған

Ресейде бір тәулікте 9 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған

Ресейде бір тәулікте коронавирус жұқтырған 8599 адам анықталған, - деп хабарлайды РИА Новости. Бір тәулікте COVID-19 жұқтырғандар саны бойынша бірінші орында Мәскеу - 2515, екінші орында Подмосковье - 862, одан кейін Санкт-Петербург - 384, Нижегород (221) пен Ростов облысы (152). Одан бөлек, 3777 науқаста ешқандай белгі жоқ. 153 адам қайтыс болған. Ресейдің 85 аймағы бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны - 344 481. Оның ішінде 113 мыңға жуық адам аурудан айықса, 3541 адам қайтыс болған. Айта кетейік, Ресей - дүние жүзінде коронавирус жұқтырған адам саны бойынша үшінші орында.