Үш жыл да бір өтетін ретро-ралли Нұр-Сұлтан қаласына келді. Ретро-ралли – автокөлік жарысы. Алғашқы жарыс 1907 жылы Пекин мен Париж арасындағы жолда болған. Ол кездегі қашықтық – 14 994 шақырым.
Биылғы VII халықаралық Пекин – Париж авто-ралли қатысушалары Қазақстанға келді. Сайысқа әлемнің 30 елінен 120-дан астам сирек кездесетін көлік болды.
Сайысқа 1976 жылға дейінгі көліктер қатыса алады. Мәселен, Bentley, Lancia, Packard, Horch маркілі көліктері бар.
Бір сөзбен айтқанда, көлік кемі миллион евроға бағалануы тиіс.
Автожарыс Пекиннан басталды. Қатысушылар Қытай арқылы өтіп, бес күндей Моңғолия, Алтай, Қазақстан, Ресей, Еуропа мен Франция елдерін шарлайды.
Биылғы сайыстың артықшылығы – Қазақстанның бүкіл аумағын басып өтеді. Қатысушылар Нұр-Сұлтанға Павлодардан келді. Одан ары Бурабайға соғып, біздің елдегі соңғы аялдамасы Қостанай арқылы өтеді.