ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне Асқар Жұмағалиевті тағайындады.
Асқар Қуанышұлы Свердлов Суворов ескери училищесін, Ракета әскерінің Харьков жоғары әскери командалық-инженерлік училищесін, Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін, Қазақ гуманитарлық заң академиясының Заң факультетін, Швейцариялық федеративтік технологиялар институтын бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы «Жарық» ЖШС бас директоры қызметінен бастаған. Әр жылдары «Қазақтелеком» АҚ президенті, Премьер-министрдің орынбасары, Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болған еді.