28 мамырға арналған ауа райы болжамы

28 мамырға арналған ауа райы болжамы

Бейсенбі, 28 мамырда елімізде күн райы ашық болады. Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Манғыстау облыстарында күн ысиды, – деп хабарлайды Қазгидромет. 28 мамырда Қазақстанның басым бөлігі әлі жоғары қысым аумағында болғандықтан, күн райы ашық болады. Тек еліміздің солтүстігінде және солтүстік-шығысында циклон ықпалынан кей жерлерде күндіз өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, дауыл соғуы мүмкін. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады, солтүстікте тұман түсуі ықтимал. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с жетеді, түнде және таңертен тұман түсуі мүмкін. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, күндіз Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді. Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Манғыстау облыстарында және Ақтөбе облысының оңтүстігінде қатты ыстық болуы мүмкін. Павлодар облысында, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.