ҚазҰУ: «АА+» деңгейі

ҚазҰУ: «АА+» деңгейі

Academic Ranking of World Universities-European Standard (ARES) беделді еуропалық рейтингінің зерттеулері бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «АА+» жоғары бағасына ие бо­лып, жетекші еуропалық университеттердің қатарына енді.   ARES халықаралық рей­тингіні 2011 жылдан бастап Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік палатасы жүргізеді. Биыл оған еуропалық стандарттарға қызметі сәйкес келетін ТМД елдерінің 530-дан астам жоғары оқу орны қатысты. ARES нәтижелерін әлемнің жетекші рейтингтік агенттіктері назарға алады. ҚазҰУ рейтингіде қазақстандық жоғары оқу орындары арасында көшбасшы болып қалуда, көрсеткіштер бойынша оларды әлдеқайда озып тұр. ARES-тің «AA+» бағасына, сондай-ақ Ломоносов атындағы ММУ бастаған Ресейдің 10 жетекші университеті де ие болды. Рейтинг жоғары оқу орын­дарын келесі көрсеткіштер бо­йынша саралайды: ғылыми-инновациялық қызмет, оқыту сапасы, цифрландыру деңгейі, түлектердің сұранысқа ие болуы, халықаралық тану, студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығы. Сонымен қатар халық­аралық рейтингтер мен акаде­миялық қоғамдастықтағы университеттің орны есепке алынады. Айта кетер жайт, зерт­теу уни­верситетіне трансформация­лануға бағыт алған ҚазҰУ, жаһандық ғылыми-білім беру кеңістігіндегі өзінің бәсекеге қабілеттілігін үдемелі арттырып, халықаралық рейтингтерде табысты алға ілгері­леуде. Жетекші қазақстандық жоғары оқу орны әлемнің үздік университеттерінің қатарына енуді көздейді.  

Серик ӘЛІМЖАНОВ, Алматы