Арыс қаласында орын алған төтенше жағдайға байланысты «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы гуманитарлық көмек беру қосынын ашты. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алғашқы көмек көрсетуге қажетті заттар: азық-түлік, консервілер, дәнді дақыл өнімдері, балаларға арналған киімдер, төсек орын жабдықтары. Осы және өзге заттарды «Жастар» сарайына (Республика даңғылы 34, 3 қабат, 306 кабинет) жеткізуге болады. Қосымша ақпарат үшін телефон: 8 775 513 64 41