Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы Жарлыққа қол қойды. Жарлықта: «Қостанай облысының Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып, қайта аталсын» делінген.
Жарлық ресми жарияланған күннен бастап, қолданысқа енеді.