Алданып қалған үлескерлердің тізіміне қалай ілікпеуге болады?

Алданып қалған үлескерлердің тізіміне қалай ілікпеуге болады?

Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаланы аралау барысында "Бағыстан" тұрғын үй кешенінің құрылысы барысымен танысып, үлескерлермен әңгімелесті , - деп хабарлайды  Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты. "Алтын шар", "Бағыстан" сияқты құрылысы ұзаққа созылған нысандардың құрылысымен айналысатын "GLB" комбинатының кәсіпорын қызметкерлерінің алдында 600 млн теңгеден астам қарызы бар. Кредиторлар алдында да қарызы бар. Мемлекет қолдауының арқасында бұл сома өтеліп, бірқатар мәселелер шешілді. "GLB" комбинаты осы уақытқа дейін өздеріне тиесілі жұмысты атқармаған. «Осы шаралардың барлығын үлескерлердің мәселелерін шешуге бағытталған. Қазір құрылыс жұмыстары басталды. Мақсатымыз - үлескерлерге пәтер кілтін табыстау. Әкімдіктің ресми сайтында жосықсыз құрылыс салушылардың аттарын жариялаймыз, сондай-ақ заңнамаға өзгерістер қабылданды. Бірақ қала тұрғындары құрылыс салушылар туралы барлық мәліметті тексеріп, рұқсат құжаттарының және басқаларының болуын сұрауы тиіс", - деді қала әкімі Алтай Көлгінов. "Бағыстан","Алтын шар" үйлері биыл пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, "GLB" үй құрылысы комбинаты әлеуметтік тұрғын үй құрылысына тартылды. Модульдік үй құрылысы үйлердің сапасына нұқсан келтірмей шаршы метрдің өзіндік құнын төмендетуге және ғимараттарды салу мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.