Атырау облысында жедел жәрдем бригадасы түгел қаза тапты

Атырау облысында жедел жәрдем бригадасы түгел қаза тапты

Атырау облысында жедел жәрдем бригадасы жол апатынан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Атырау-Астрахан тас жолының 185-ші шақырымында КамАЗ әскери көлігі мен Исатай аудандық ауруханасының жедел жәрдем көлігі соқтығысқан. Салдарынан жедел жәрдемде болған адамдардың бәрі көз жұмды. 42 жастағы медбике оқиға орнында, ал екінші дәрігер мен жедел жәрдем жүргізушісі облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды. ІІМ Батыс аймақтық әскери-тергеу басқармасының ақпаратынша, жүк көлігінің тізгінінде Маңғыстау облысынан шақырылған шекара күзетшісі, 20 жастағы әскери болған.  Ол  көлікті басқара алмай, қарсы жолаққа шығып кеткен.