31 мамыр - Дүниежүзілік темекіге қарсы күрес күні. Дәстүрлі шара 1988 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен қолға алынған. Мәселен, былтыр «Темекі және өкпе аурулары» тақырыбына арналса, биыл жастар арасындағы профилактикалық жұмыстарға көбірек көңіл бөлініп отыр. Әлемнің көптеген елдері темекімен барынша күресіп келеді. Алайда, темекі бағасын көтеру, темекі өнімдерін жарнамалауға тыйым салу, тіпті, қоғамдық орындарда шылым шегуді шектеу де әзірге оң нәтиже бермей тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәліметінше, жыл сайын әлемде 7 миллион адам темекі салдарынан көз жұмады. Соның 900 мыңға жуығы өзгелер шеккен шылымның түтініне уланғандар. Олардың арасында темекі өсіретін елдерде тұратын балалар да бар. Яғни, жұрттың тартқан шылымынан жүрек-қан тамыры, жүректің ишемиялық ауруы, өкпе, өңеш, асқазан обыры сынды аурулар пайда болады.