Сәбиін зиратқа тастап кеткен көкек ана іздестірілуде

Сәбиін зиратқа тастап кеткен көкек ана іздестірілуде

Қостанай облысы Жітіқара ауданында сәбиін зират басына қалдырып кеткен әйел іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Қазір осы дерек бойынша «Жаңа туған баланы анасының өлтіруі» бабымен қылмыстық іс қозғалды . «Қазіргі уақытта сәби өлімінің себептері зерттелуде. Оны тастап кеткен әйелге, оқиға куәгерлеріне іздеу салынды», - дейді полицияның баспасөз қызметіндегілер. Полицияның мәліметінше, сәбиді зират ішіне әкеліп, пакетке салып кеткен.