Жыл басынан бастап қазақстандық төлем картасы нарығында өсім байқалады, деп хабарлайды ҚР Ұлттық банкі.
«2020 жылдың алғашқы төрт айының сонында айналымда 37,8 млн төлем картасы тіркеліп, оның 54% (20,5 млн) белсенді қолданылды. Сәуір айында эмитенттермен 2 млн-ға жуық төлем картасы шығарылған. Бұл төлем картасының 45% Алматы қаласының айналымында (891 мың бірлікке жуық). Ал аймақтарда төтенше жағдай кезінде шығарылған төлем картасының саны орташа есеппен 70 мыңнан асады», делінген хабарламада.2020 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша 96,3 мың кәсіпкер 133,1 мың сауда орындарында 160,7 мың POS-терминал орнатқан. Қазақстан аумағында 12 мың банкомат жұмыс істеп, оның 1,5 мыңы клиенттердің биометриялық идентификациялау функциясын қолдайды.