Көкшетауда қамауда отырғандардың өліміне байланысты тергеу басталды

Көкшетауда қамауда отырғандардың өліміне байланысты тергеу басталды

Көкшетауда қабылдау орналастыру орнында әкімшілік қамауға алынған адамдардың уланып өлуіне байланысты іс қозғалды. Әлеуметтік желіде Көкшетау қаласындағы қабылдау-орналастыру орнында әкімшілік қамауға алынған 6 адамның улану белгісімен қалалық аурханаға түскені, кейін оның үшеуі көз жұмғандығы туралы ақпарат тараған болатын. Желідегі мәліметтерге қарағанда көз жұмған адамдардың жасы - 32-41 аралығында. Полиция департаменті қызметкерлерінің растауынша, қазір қылмыстық іс қозғалған. «Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты ҚР ҚК 304-бабының 3-бөлігі (санитарлық және гигиеналық нормаларды бұзу) бойынша іс қозғалып тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деп мәлімдеді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.