Есмағамбетова көрерменсіз спорт шараларына қашан рұқсат берілетінін айтты

Есмағамбетова көрерменсіз спорт шараларына қашан рұқсат берілетінін айтты

Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова карантиндік шараларды жеңілдету туралы айтты. Үкіметаралық комиссияның шешімі бойынша, аймақтарда вирустың аурушаңдық өсімі бір апта ішінде 5%-дан аспаған жағдайда, қоғамдық орындардың (СПА-орталықтар, фитнес орталықтары, монша, спорт клубтары (көрерменсіз) жұмыстары қайта жанданады.

Біз осылайша карантиндік шараларды жеңілдетіп жатырмыз. Қаулы бойынша осы нысандар қатаң талаптарды сақтай отырып, жұмыстарын жалғастырады, - деді ол.