Бас санитарлық дәрігер қашықтан жұмыс істеуге кеңес берді

Бас санитарлық дәрігер қашықтан жұмыс істеуге кеңес берді

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова қашықтан жұмыс істеуге кеңес берді. «Біз мүмкіндігінше жұмысшыларды қызметтің қашықтағы форматына жіберуге кеңес берудеміз. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, осы тәртіпте жұмыс істеуге болады, яғни одан жұмыс процесі зардап шекпейді», - деді А. Есмағамбетова онлайн баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, қарым-қатынас аз болса, сәйкесінше, індет жұқтыру қаупі төмендейді. «30 мамырда тиісті қаулыны қабылдадым, оған өзгерістер енгізілді. Біріншіден, карантиндік шектеуді тек жұмысын қайта бастаған нысандарға ғана жеңілдетіп отырған жоқпыз, сонымен бірге науқастармен байланыста болған адамдарға да жеңілдіктер ескерілген. Науқаспен жақын байланыста болған адамдардың тесті алынады. Егер нәтижесі теріс болса, бұрынғыдай олар бұрынғыдай 14 күнге емес, 7 күнге үйде оқшауланады. Содан кейін қайта тест алынады, сондай-ақ тесттің нәтижесі теріс болса, олар карантиннен босатылады», - деді Бас мемлекеттік санитар дәрігер.