Ақмола облысының әкімдігі Арыс қаласында болған төтенше жағдайға байланысты жергілікті тұрғындарға көмек көрсетуге әзір.
Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 100 бала Бурабайда тегін демалады.
Ұлы далада қиын-қыстау кезде адамдардың бір-біріне көмек қолын созу дәстүрі бар. Бірінші көмек балаларға қатысты. Бүгінгі күні Щучинск – Бурабай курорты аумағындағы балалардың сауықтыру орталығының бесеуі 100 баланы қабылдауға әзір. Қазіргі кезде Арыс қаласының әкімдігімен келіссөздер жүргізіліп, тізімді нақтылайды. Кәсіпкерлермен қатар мемлекеттік емес ұйымдар, жергілікті қауымдастық атсалысуға белсенділік танытып отыр.