Елордада автобус жүргізушісі жолаушыны құтқарып қалды

Елордада автобус жүргізушісі жолаушыны құтқарып қалды

Нұр-Сұлтандағы № 64 автобусының жүргізушісі жолаушыны құтқарып қалды. Бұл туралы куәгер Instagram желісіндегі zhaloby_astana парақшасында жазған. Оқиға 2 маусымда болған.
"Дастан" аялдамасында жолаушылар автобусқа кіріп келе жатқан. Бір кезде тарс ете түсті. Жолаушылар шулап кетті де салонға қарасам әйел адам жерде жатыр. Ол түршігіп, дірілдей бастаған соң дем ала алмады. Мен мұндай жағдайда не істеу керегін білдім. Оны CTS курсы кезінде үйренгенбіз. Ол тілін жұтып қоймауы керек, дереу шешім қабылдау керек болды. Ол тілін жұтып қоймауы үшін аузын ашып, тілін шығардым. Әйел адам өз-өзіне келді, бірақ сәл шок болды. Оған су беріп, бетін шайдық", - дейді автобус жүргізушісі Ербол Ескендіров.
Жүргізуші мен жолаушылар әйел адамның заттарын жинастырып, жедел жәрдем күткен.
"Жедел жәрдем келіп, оны алып кетті. Шамамен 15 минуттай күттік. Бәрі жақсы аяқталды. Жолаушыларды аман-есен жеткізу - біздің міндетіміз. Менің орнымда кез келген адам солай істейтін еді", - дйді ер адам.
Ербол Ескендіровтің жасы 40-та. Нұр-Сұлтанда автобус жүргізіп жүргеніне бес жылдан асқан.