Ұялы байланыс ұстайтын жер іздеп, жоғалып кеткен жасөспірімдер табылды

Ұялы байланыс ұстайтын жер іздеп, жоғалып кеткен жасөспірімдер табылды

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 2 маусымда Қаңбақты қыстағынан 17 және 18 жастағы жасөспірімдер ұялы телефонмен сөйлесу үшін мобильді байланыс ұстайтын жерді іздеп шыққан. Бірақ сол күні қыстаққа қайта оралмаған.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі: «Қаңбақты қыстағы Махамбет ауданының орталығынан 65 шақырым қашықта орналасқан. Бастапқыда оларды туыстары іздестіріп, таба алмаған. Содан соң, 3 маусымда Төтенше жағдайлар департаментіне хабар берген. Жоғалған жасөспірімдерді іздеуге 4 қызметкер жіберілді», – деп хабарлады.
Алайда құтқарушылар қыстаққа келгенге дейін туыстары екі жасөспірімді өздері іздеп, тауып алған.