Өрт жарылысқа ұласты

Өрт жарылысқа ұласты

Атырауда газ толтыру бекетінде өрт шығып, арты жарылысқа ұласты, бекеттің күл-талқаны шықты. Ал күйік шалған төрт адам жедел түрде ауруханаға жеткізілді. Атырау облысы Төтенше жағдай департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 5 маусымда таңертең қаладағы Атамбай көшесінің бойында «ПромГаз» жауапкершілігі шек­телген серіктестігі аума­ғын­да газ құю кезінде газ сыртқа шығып кеткен, салдарынан Ford авто­цистернасының жүк сало­нында өрт шығып, іле-шала алапат жа­рылыс болды. Жары­лыс салда­рынан 60-70 метр қа­шықтықта орналасқан ғимарат та қирады. Өрт сөндіруге Атырау облы­сы Төтенше жағдайлар департа­ментінің 25 қызметкері мен 4 тех­никасы жұмылдырылды. Са­ғат 9.58-де өрт сөндірілді. Күйік шалған 4 адам ауруханаға жеткізілді. Олар бекет жұмыс­шысы, газ таситын көліктің жүр­гізушісі және Атырау облы­сы Төтенше жағдайлар депар­таментінің екі қызметкері – бөлім командирі мен ТЖ-4 бө­лімінің өрт сөндірушісі. Өрттің шығу себептері мен келтірілген зиян мөлшерін об­лыстық Полиция департамен­тінің жедел-тергеу тобы анық­тайды.