Атырауда жанармай құю бекетіндегі жарылыс: автоцистерна жүргізушісі қайтыс болды

Атырауда жанармай құю бекетіндегі жарылыс: автоцистерна жүргізушісі қайтыс болды

Атырауда 5 маусымда жанармай құю бекетіндегі жарылыстан автоцистерна жүргізушісі қайтыс болды. Оның ауруханада көз жұмғаны белгілі болды, - деп хабарлайды "Ақ Жайық". Басылымның мәліметінше, оның денесінің 90 пайызын күйік шалған. Құрманғазы ауданының 34 жастағы тұрғыны қайтыс болды, артында төрт баласы қалды, әйелі бесіншісіне жүкті. Отбасы пәтер жалдап тұрған екен.